Оқиға

Төрт адам көз жұмды: Алматы облысында жол апаты болды

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Апат салдарынан төрт адам қайтыс болды, екі адамның Қапшағай ауруханасына жеткізілгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Алматы облысында Қапшағай-Бақанас тасжолында апат болды. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға орнында төрт адам көз жұмған.

"Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Land Crusier көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай қозғалып бара жатып, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Қарсы келе жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысты", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : кадры с места ДТП, распространяемые в соцсетяхАпатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Төрт адам көз жұмды: Алматы облысында жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Оқиға салдарынан Mark 2-дегі үш жолаушы мен Land Crusier жүргізушісі қайтыс болды. Mark 2 көлігінің жүргізушісі мен Land Crusier жолаушысы Қапшағай ауруханасына жеткізілді.

Бұл апат қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне ("Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы") сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтар
0