Қоғам

Талғарда белгісіз біреулер жас жігітті аяусыз соққыға жықты – видео

© Sputnik / Абзал КалиевТөбелес, иллюстративті фото
Төбелес, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының мән-жайды анықтап, көше бұзақыларын жазалауды талап етуде

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Алматы облысында полиция қызметкерлері жас жігітті аяусыз соққыға жыққан бұзақыларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде зорлық көрсетушілерден жасырынуға тырысқан жас жігітті екі ер адамның соққыға жыққан видеосы таралды. Қос бұзақы жас жігітті жерге құлатып, тепкінің астына алған. Пост авторы бұл видео Попов көшесіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

 Қазірге дейін видеоны 40 мыңнан астам адам көрген. Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының мән-жайды анықтап, көше бұзақыларын жазалауын талап етіп отыр.
Ал полициядағылар мұндай факті бойынша ешкім арызданбағанын алға тартты. Ведомство нақтылағандай, жәбірленуші медициналық көмек көрсету үшін тиісті мекемеге жүгінбеген.

Оқи отырыңыз: Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді

"Бұл факті ресми түрде тіркелді. Қазір оқиғаға қатысы бар азаматтардың жеке тұлғасын анықтау үшін жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0