Саясат

Лукашенко Тоқаевпен не үшін кездескісі келетінін айтты

Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев
Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Беларусь көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілгенін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Асқар Бейсенбаевпен кездесті.

Сұхбат барысында Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге үміт білдірді, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

"Пандемияға байланысты кейінге шегерілген Қазақстан президентінің Беларуське сапары өтеді деп үміттенеміз. Бұл қарым-қатынасымыздың одан әрі дамуына серпін болар еді", - деді Алексендр Лукашенко.

Беларусь көшбасшысы екі ел "интеграция тұрғысынан, әсіресе ЕАЭО желісі бойынша, сондай-ақ екіжақты қатынастар тұрғысынан, сауда-саттық пен ынтымақтастықта" көптеген жетістікке жетті деп есептейді.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусьтің бірге істейтін жұмысы баршылық. Атап айтқанда, Беларусь президенті кооперация аясын кеңейту қажеттігін атап көрсетті.

"Біз өндірісті көбірек жүктеуге, құрастыру өндірісін ашуға дайынбыз" – деді ол.

Асқар Бейсенбаев Лукашенкоға қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді.

"2020 жылы әлемдегі барлық ел оқшауланып, індетпен күрескен қиын жыл болды. Қысылтаяңда Беларусь қазақ еліне достық қол ұшын созды", - деді елші.   

Сондай-ақ ол коронавирус пандемиясының басында Қазақстан мен Беларусь арасында әуе қатынасын сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, бұл көптеген қазақстандықтың үйге қайтып оралуына септігін тигізді. 

 

Жаңалықтар
0