НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Жезқазғанда Комбинатская станциясында екі жүк пойызы бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жылжымалы құрамдардың апатқа ұшырауы мерекелік демалыста болған. Жүк тасымалдауға арналған екі тепловоздың бетпе-бет соқтығысқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеода екі жүк пойызының бір шойын жол үстінде бетпе-бет соқтығысқаны анық көрінеді. Кадр сыртында ер адам оқиғаның қалай өрбігенін баяндаған дауысы естіледі. Ал видеоның астына жазылған пікірлерде жылжымалы құрамның тежегішінде ақау болды десе, енді бірі станция жұмысшылары бағыттағыш бұрмаларды ауыстырып үлгермеген деп болжайды.
Бұл оқиғаға қатысты ақпарат таратқан Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі апат салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін атап өткен.
"Комбинатская станциясында жүк тиелген 17 вагон сүйреген топловоз станция паркінде тұрған 20 вагон тіркелген жүк пойызымен бетпе-бет соқтығысты. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр", – делінген әкімдік хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жүйткіп келе жатқан пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды – видео