Өңірлер

Алматы облысында жер сілкінді

© Sputnik / Тимур БатыршинТам не только обрабатывают подземные толчки, но и ведут непрерывную запись со всех станций
Там не только обрабатывают подземные толчки, но и ведут непрерывную запись со всех станций - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Жер сілкінісі Алматыдан 250 шақырым жерде, Алматы облысының таулы аймағында болды

АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Алматы облысында жер асты дүмпуі сезілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 249 шақырым жерде орналасқан.

"Талдықорған қаласы және Текелі қаласында 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаменті.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2-ні құрады. MPV магнитудасы – 5.2. Дүмпу эпицентрінің координаты – солтүстік ендіктен 44.83 градус, шығыс бойлықтан 79.05 градус. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жер сілкінісі туралы төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, "Қазселденқорғау" мекемесі, прокуратура және басқа да мүдделі ұйымдар мен ведомстволарға хабарлады. Қираған нысандар мен жапа шеккендер жоқ.

Сонымен қатар құтқарушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салуды жөн көрді.

Дүмпу сезілген кезде ғимараттан 15-20 секунд ішінде шығу қажет. Егер жоғары қабатта тұрсаңыз, сыртқы есіктің алдына тұрыңыз немесе бұрышқа тұрған абзал. Терезенің жанында тұруға болмайды. Далаға шыққан кезде ғимараттан алыс тұру керек. Сондай-ақ біраз уақыт үйге оралмаған дұрыс, себебі дүмпу қайталануы мүмкін.

Жаңалықтар
0