Өңірлер

"Жертөледе есімді жидым": Павлодарда жоғалған 12 жасар қыз табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған қызды бірнеше сағат бойы іздеген, бірақ ол үйге өзі оралды

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Павлодарда қоқыс төгуге шыққан 12 жасар қыз жоғалып кетті. Кешке қарай ол үйіне өзі келіп, жертөледе есін жиғанын айтқан. Полиция осы оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 наурызда кешкі сағат 18:20-да қалалық полиция бөлімшесіне 12 жасар қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түсті. Баланы асырауына алған тәтесі оның қоқыс төгуге шыққанын, бірақ үйге келмегенін айтты. Полицейлер жасөспірімді іздеуге кіріседі. Іздеу шараларына еріктілер де қосылған. Ал үш сағаттан кейін жоғалған қыз үйге өзі келді. 

Ювеналды полиция қызметкерлері баламен сөйлесіп, одан не болғанын сұрайды. Ол есінен танып қалғанын, артынан гараж әлде жертөлеге ұқсас жерде есін жиғанын айтқан. Бірақ нақты не болғанын түсіндіре алмады.

Оқи отырыңыз: Алматыда үш күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды

Мамандар қызды қарап шығып, ешқандай дене жарақатын таппады. Сөйтсе ол қоқыс шығарғанда қаланы араламақ болып кетіп қалған. Содан адасып, жол таба алмаған. Ал үйге келгесін тәтесінен қорқып, есінен танып қалғанын ойдан шығарып айта салған.

Полицияның хабарлауынша, бұған дейін де жасөспірім бірнеше рет рұқсатсыз үйден кетіп қалған.

Жаңалықтар
0