Видео

Әскери ұшқыш халықты Наурыз мейрамымен ерекше құттықтады – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Офицер әскери форманың үстінен қазақтың шапанын киіп, Нұрғиса Тілендиевтың "Әлқисса" күйін орындап берді

Қорғаныс министрлігінің Youtube-арнасында ерекше құттықтау жарияланды. Әскери әуе күштерінің ұшқышы, аға лейтенант Жасұлан Бақбергенов тікұшақта отырып, танымал композитор Нұрғиса Тілендиевтың "Әлқисса" күйін орындайды. Видеода әскери техника мен ұшқыштардың күнделікті өмірі көрсетіледі. 

"Армысыздар, қадірменді Қазақ елі! Сіздерді әскери әуе күштері атынан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы әр отбасыға құт-береке, шат көңіл, бақыт сыйласын. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!", - дейді Бақбергенов.

Жаңалықтар
0