Әлем

Брюссель Мәскеумен қарым-қатынастың түбіне жетті – Лавров

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуПресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова
Пресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Сергей Лавров Еуроодақ Ресеймен қарым-қатынасты бұзғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Брюссель Мәскеумен қарым-қатынастың түбіне жетті. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров қытай әріптесі Ван Имен келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Министр Еуропада ұлттық мүддені басшылыққа ала отырып, Ресеймен әріптестік диалогты сақтап отырған санаулы мемлекет қалғанын  айтты. Оның пікірінше, басқа елдер барлық  механизмді құртып тынды.

"Батыстағы жағдай әлі де еш өзгеріссіз. Ал шығыстағы күн тәртібі өте қарқынды және ол жыл сайын дамып келеді", - деді Лавров.

Лавров Еуроодақ тарапынан қазіргі шиеленісті шешуге деген талпыныс болса, Мәскеу байланысты қалыпқа келтіруге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы уақытта Еуроодақ пен Ресей арасындағы текетірес Алексей Навальныйдың айналасындағы жағдайға байланысты өршіп кетті. Брюссель жаңа антиресейлік санкциялар енгізді.

РФ сыртқы істер министрлігі бұл шектеулерді "тығырыққа тірейтін амал және құқыққа қарсы әрекет" деп атап, оған сәйкес жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлағандай, Кремльдегілер Мәскеуге қарсы санкциялар саясаты көздеген мақсатына қол жеткізбейді деп санайды.

Жаңалықтар
0