НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. АҚШ-тың Боулдер қаласындағы супермаркетте ер адам тұрғындарға оқ жаудырды. Оқиға орнында, кем дегенде, он адам көз жұмды. Олардың ішінде бір полиция қызметкері бар, деп хабарлайды АВС арнасы.
Телеарнаның мәліметіне сәйкес, желіде тараған видеода полицейлердің супермаркеттен бір адамды шығарып жатқанын анық көруге болады. Оның қолына кісен салынған, аяғы қанап жатыр. Құқық қорғаушылар оны жедел жәрдем мамандарына тапсырды.
Әзірше полиция ұсталған күдіктінің супермаркетте оқ атқан адам екенін растаған жоқ.