Түрлі-түсті ет тағамын пісіру үшін бізге жылқы еті, ұн, жұмыртқа, су және тұз керек.
Қамыр басқа түске боялуы үшін сонымен қатар асжапырақ және асқабақ шырыны, трюфель пастасы және түрлі-түсті көкөністер (брокколи, картоп, қызанақ, болгар бұрышы, сәбіз, пияз) қажет.
Түрлі-түсті ет қалай әзірленеді:
- етті қайнатыңыз;
- түрлі-түсті қамырдың үш түрін илеңіз. Ол үшін бізге жаңа сығылған шырын (немесе сумен араластырылған трюфель пастасы), жұмыртқа, тұз, ұн қажет. Қамырды илеңіз. Қамырды бөлме температурасында жарты сағат бойы пакетте ұстаймыз; қамырды жайыңыз, кеспе кесіңіз. Ет сорпасында қайнатыңыз;
- кеспені ыдысқа салып, үстіне ет пен қайнатылған түрлі-түсті көкөністерді қойыңыз;
- тұздық (пияз тұздығы) құйыңыз – дәмдеуіштер қосылған ет сорпасында қайнатылған пияз. Дайын! Ас болсын!
Ерекше тағамның рецептін Sputnik Қазақстанмен астаналық Qazaq Gourmet мейрамханасының аспаздары бөлісті.