Әлем

Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды

CC0 / Free-Photos / Волны, архивное фото
Волны, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Сальвадордың жас тұрғыны найзағай түскен кезде суда болған. Ол Токио Олимпиадасына жолдама беретін серфингтен ірі жарысқа дайындалып жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Сальвадорлық серфингист қыз суда жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости ESPN.com сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы Кэтрин Диас Эрнандестің дәл жанына найзағай түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KATHERINE DIAZ (@katherinecook7)

Трагедия Тынық мұхитындағы Эль-Тунко жағажайында спортшының үйіне жақын жерде болды.   

Кэтрин Диас Эрнандес Токио Олимпиадасына жолдама беретін серфингтен ірі жарысқа дайындалып жатқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KATHERINE DIAZ (@katherinecook7)

Жергілікті билік марқұмның отбасына көңіл айтты: Сальвадор ұлттық спорт институтының президенті Ямил Букеле Twitter-де хабарлама жариялады, елдің туризм министрі Морена Вальдес те қолдау сөз арнады.

Жаңалықтар
0