Өңірлер

Ақтаудағы тергеу абақтысында түсірілген видео тарап кетті – тексеріс басталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде тергеу мекемесі бастығының орынбасарына қатысты тексеру басталды

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Желіде сотталғандарды ұрып-соққан сәттің видеосы жарияланғаннан кейін билік Ақтаудағы тергеу мекемесінде тексеру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады жергілікті "Лада" сайты.  

Видеода қызметтік формадағы адамның сотталғандарды ұрып жатқаны түсірілген. Оқиға 2021 жылдың 12 ақпанында болған.

Видео сипаттамасында үш айыпталушының зардап шеккені айтылған. Олар Қылмыстық кодекстің 124-бабы "жас балаларды азғыру", 234-бабы "экономикалық контрабанда", 346-бабы (көлікті мас күйінде жүргізуші куәлігінсіз басқару) бойынша айыпталған.

Маңғыстау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Тараз тұрғыны өзін-өзі не үшін өртегенін айтты – видео 

Тексеруді Қылмыстық кодекстің 362-бабы "билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бойынша облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізеді.

Осы баптың бірінші бөлігінің санкциясы үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін (8,7 миллион теңгеге жуық) айыппұл, түзеу, қоғамдық жұмыстар, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді.

ГМ-172/10 – сотталғандар мен тергеу үшін қамалғандарға арналған аралас қауіпсіздік мекемесі (тергеу изоляторы).

Жаңалықтар
0