Өңірлер

Алматыда локдаун кезінде 170 адам не үшін жиналды – видео

CC0 / Daniel Lages / Дискотека, клуб, вечеринка
Дискотека, клуб, вечеринка - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылады, олар айыппұл төлейді  

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Алматыда мониторинг тобы Boom Bar-да 170-ке жуық адамның көңіл көтергенін анықтады. Мекеме қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзып жұмыс істеген.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, тексерушілер барға 21 наурыз күні кешке барған. Ол жерде 150-170 адам болған.

"Жұмыс режимі бұзылған, адамдардың жаппай жиналуына тыйым салу, маска режимі, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты эпидемиологиялық талаптар сақталмаған", - делінген ақпаратта.

Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылады. Сондай-ақ айыппұл салынады.

Алматы қазір "қызыл" аймақта тұр. Соған байланысты қалада күшейтілген шектеу шаралары енгізілген.

Бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынды. Қала бойынша 32 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына әкімдік, полиция қызметкерлері, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

Қала билігі тұрғындарды тағы да шектеу шараларын бұзбауға шақырып, адамдар көп жиналатын жерлерге баруға тыйым салынғанын еске салды.

Жаңалықтар
0