Видео

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар мектепте қалай оқиды – видео

Жазылу
Қазақстанда 35 мың балада аутизм спекторындағы ауытқу байқалады. Аутизмге шалдыққан баласы бар отбасылар білім жүйесінен шет қалуда

Қазақстанда аутизм диагнозы (РАС) қойылған жүздеген бала қарапайым мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мәселенің маңыздылығын Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз.

"Болашақ" корпоративтік қоры 2015 жылдан бері барлық өңірде 43 инклюзивті қолдау кабинетін ашты. Оқушылармен жеке сабақтар өткізіледі.

Қазақстанда 35 мың балада аутизм спекторындағы ауытқу байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 160 баланың біреуіне РАС диагнозы қойылған. 

Мұндай адамдардың құқығы бұзылып жатыр. Оларды қолдау бойынша мемлекеттік шаралар жеткіліксіз. 

Аутизмнен айықтыратын дәрі жоқ. Ең тиімді тәсілдердің бірі - дағды қалыптастыру, өз-өзін ұстауға үйрету терапиясы.

Sputnik Қазақстан тілшісі астанадағы №88 мектеп-лицейіне барып, балалармен танысып қайтты. Бұл мәселе жайлы толығырақ видеодан біле аласыз.

Жаңалықтар
0