НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында иттер жаппай өлтіріліп жатыр. Алайда, оны кім және не үшін жасап жатқаны белгісіз.
Әлеуметтік желілерде қаланың әр жерінде пайда болған ит өлекселерінің суреттері пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейбір тұрғындар жануарларды көлік қағып кетуі мүмкін десе, енді бірі жануарлар аштық пен суықтан өлуі мүмкін деген болжам айтуда. Ал жергілікті жануарларды қорғау ұйымының өкілдері мүлдем басқа тұжырым жасап отыр. Қаңғыбас жануарларды қорғаумен айналысатын zoo_mir ұйымының желідегі парақшасында иттерді атпайды, бірақ ұйықтатады деген деген ақпарат шықты. Дәлел ретінде – ит өлексесінде жарақат іздері көрінетін суреттерді жариялады. Ал оны кім істеп жатқаны әлі анықталған жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Иттер аялдамалардың маңында өлі күйінде жатыр. Оларды алып кетсін, көмсін, әйтеуір бірдеңе жасасын. Иттердің атылғанын көпшілік қауым қалады. Енді міне, оларды өлтіріп жатыр. Бірақ біз жануарлардың өлексесінің иісімен тыныс алуға міндетті емеспіз", – деді наразылықтарын білдірген желі қолданушылары.
Ал әкімдік өкілдері қала тұрғындарының шағымына жауап берді, деп жазады жергілікті "Мой город" басылымы.
Бөрілі ауданының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар екені айтылды.
Оқи отырыңыз: Ит қожайынының бес жасар қызын талап өлтірді
Ол жерде жануарлардың өлексесін алып кету мәселесі бойынша жергілікті бөлім мамандарына жүктелетіні жазылған. Ал Ақсай қаласының әкімдігі мен полиция бөлімі иттердің жаппай өлуінің себебін анықтау бойынша шаралар қабылдаған.
Тіпті, иттерді заңсыз аулау туралы іс бойынша тергеуді Батыс Қазақстан облысының полиция бөлімі де растады.
Орал қаласындағы сияқты 2020 жылдың 16 қазанынан бастап Ақсайда да қаңғыбас жануарларды өлтіру тоқтатылып (адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары болғандықтан), олар зарарсыздандырылып, табиғи ортаға қайта жіберіле бастаған.
Алайда, Ақсай қаласының тұрғындары маңайда қаңғыбас иттердің көптігіне шағымданды. Яғни, тұрғындар ашқұрсақ жануарлардың көп қабатты үйлердің ауласында тамақ іздеп жүрген видеоларын әлеуметтік желілерде жиі жариялады. Қала тұрғындарының көпшілігі балаларды қауып ала ма деп алаңдаушылық танытқан.