НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазіргі таңда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
- "қызыл" аймақта: Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы;
- "сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары;
- "жасыл" аймақта – қалған өңірлер.
Алматыда коронавирустың жылдам таралуы дәрігерлерді алаңдатып отыр – мұнда өткен тәулікте 437 адамнан инфекция табылды. Сонымен қатар мегаполисте коронавирустың қауіпті британдық штаммы немесе соған ұқсас түрі анықталды.