Қоғам

Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу бекетін жабады

© Sputnik / Тимур БатыршинШекара пункті
Шекара пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2021
Жазылу
Министрлік шекарадан өтуді ойлағандар мен тасымалдаушылардан шектеуді ескеріп өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті осы жылдың 21 мен 23 наурызы аралығында жұмыс істемейді.

Шектеу Қазақстанда Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты енгізілді, деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бұл күндері адамдар, көліктер мен жүктер мемлекеттік шекарадан өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Министрлік тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді ойлағандардан шектеуді ескеріп өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Тағы оқыңыз: Енді Қазақстан шекарасында ұзын-сонар кезек болмайды

"Нұр жолы" өткізу бекеті Алматы облысында 2018 жылы қыркүйекте ашылды. Ол Қытаймен шекарадан үлкен жүк көліктері және жеңіл автокөліктермен, сондай-ақ жолаушылар автобустарымен өтуге арналған.

Қазақстанда Наурыз мейрамы 21 мен 23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мерекенің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз демалады.

Жаңалықтар
0