Видео

Қазақстандықтар Наурыздың жаңа форматы туралы: 10 күн аз – видео

Жазылу
Биыл Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын он күн тойлау ұсынылды. Sputnik Қазақстан азаматтардың жаңа бастама туралы пікірін сұрады

Мерекенің басы 14 наурыз – Көрісу күнінен басталады. Әр күннің өз тақырыбы бар. Мәселен, 15 наурыз – Жайлау күні көшет егу, қоқыс жинау шаралары ұйымдастырылса, 18 наурыз – Игі істер күні еріктілер мұқтаж отбасыларға көмектесіп, қайырымдылық жасайды. Әз-Наурызды тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі.

Осыған орай Sputnik Қазақстан елорда тұрғындары мен қонақтарынан Наурызды қатарынан он күн мерекелеу туралы не ойлайтынын сұрады.

Кейбіреулері қазақтар үшін он күн аз, Наурыз мейрамын бір ай тойлау керек десе, енді бірі үш күн де жетеді деп санайды.

Айта кетсек, осы жылы қазақстандықтар Наурызда бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз демалады. Мерекенің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні сәрсенбі, 24 наурызға ауыстырылды.

Жаңалықтар
0