Экономика

14 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылды – агенттік төрағасы

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Президент қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп жазады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

"Жыл басынан бері 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген, оның екеуі трансұлттық топ. Сондай-ақ 14 миллиард теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқыруға қатысты 125 қылмыстық іс қозғалды", - деді Элиманов.

Президентке агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Жанат Элиманов 2020 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген экономикалық қылмыстардың саны өткен жылдармен салыстырғанда алты есеге азайғанын айтты. Қылмыстық істерді тексеру бойынша кәсіпкерлерді тергеуге шақырулардың саны екі есеге, ал тергеп-тексеру мерзімі 40 процентке қысқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. 

Кездесу соңында Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0