НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Қара теңіз циклоны шамамен барлық өңірге жетеді, салдарынан жауын-шашын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері хабарлады.
Солтүстік-батыста бұрқасын жүреді. Кейбір өңірлерде тұман және көктайғақ болатыны хабарланып отыр.
Дабылды ескерту
Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Атырау облысында тұман, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында жел күшейеді.
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 20 м/с.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді.
Түркістан облысында желдің екпіні - 15-20 м/с.
Өңірлердегі ауа райы
Алматы облысында тұман, желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.
Павлодар, Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.
Қызылорда облысында тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қостанай облысында тұман және көктайғақ болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада қар жауады. Түнде температура: -1-3°C, күндіз: +2 +4°C. Желдің жыдамдығы - 9-14 м/с.
Алматыда күн бұлтты. Түнде +2+4°C, күндіз +14+16°C. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.
Шымкентте жауын-шашынды. Желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде 7-9°C, күндіз +11+13°C.