Оқиға

Алматыда белгісіз біреу 12 мектепті "жарып жібермек" болды

Жарылғыш затты іздеу
Жарылғыш затты іздеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде хатта көрсетілген барлық мектеп саперлардың көмегімен тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. 12 мектептің әкімшілігіне белгісіз біреу ақша бермеген жағдайда білім ордасын жарып жіберетіні туралы хат жіберген. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі кезде Алматы қаласындағы 12 мектептің ғимараты саперлардың көмегімен мұқият тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Ал аталған бапта кінәліге 5 000 АЕК-ке дейінгі (1 айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге) айыппұл салу көзделеді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

Айта кетейік, қылмыстың бұл түрі үшін жауапкершілік 14 жастан бастап қарастырылған.

Оқи отырыңыз: "Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді

Сонымен қатар, хат авторын анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0