Спорт

Геннадий Головкин келесі қарсыласын таңдады

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Жазылу
Мексикалық боксшы Мунгия мен оның командасы 24 сәуірде Головкинсіз жекпе-жек өткізетін болып шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Мексикалық боксшы Хайме Мунгияның промоутері (36-0, 29 КО) Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында өзінің клиенті қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қазірше кездескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Бельтранның айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін WBA супер орта салмақтағы чемпионы жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жоспарлап отыр.

"Головкин жапондық спортшымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ия, ол чемпион, бұл да үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін", – дейді Бельтран.

Еске сала кетейік, Мунгия мен оның командасы 24 сәуірде Головкинсіз жекпе-жек өткізуге шешім қабылдады. Осылайша, енді Геннадийге тағы бір қарсылас іздеу керек болады және ең ықтимал нұсқасның бірі ретінде Риота Муратаның ата аталады.

Оқи отырыңыз: Геннадий Головкин: маған бокс қызық болмай барады

Жаңалықтар
0