Еуропада ағылшын-шведтік AstraZeneca препаратының тромбоз және қан ұюы бұзылуына себеп болуы мүмкін деген күдік бар.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында осы вакцинаның жанама әсерлері туралы хабарламалар болған.
Оқи отырыңыз: Теміржолшыдан "Грэмми" жеңімпазына дейін: Imanbek қалай тарихқа енді – видео
Қазірше бұл ақпарат расталмады. Солай десек те, 10-нан астам еуропалық елде AstraZeneca препаратының жағымсыз салдарына қатысты тергеу аяқталғанға дейін вакцинацияны тоқтата тұруға шешім қабылданды.
Мұндай жағдай Еуропадағы сәтсіз вакцинация деңгейінің онсыз да ауыр жағдайын қиындата түсті.