Әлем

Американың орталық барлау қызметіне қатысты тың ақпарат жарияланды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуШествие легионеров СС в Риге
Шествие легионеров СС в Риге - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Жазылу
Сот 1942-1943 жылдар аралығында Жестяная Горка аулындағы 2,5 бейбіт тұрғынды нацистердің қасақана өлтіруін "геноцид" деп таныды

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Американың Орталық барлау басқармасы Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының бейбіт тұрғындарын жаппай қырып-жоюға қатысы бар латыштық СС легионының бұрынғы мүшелерін тартып, оларды Латвия КСР-ге қарсы арандатушылық жұмыстарға пайдаланған. Бұл жөнінде "Тарихи естелік" қоры әзірлеген "Зейнеттегі жендеттер. Латвиядағы нацистік қылмыскерлер ОББ-да қызмет етуде" деген баяндамада жазылған.

Баяндаманың презентациясы бейсенбі күні "Россия сегодня" ХАА алаңында өтеді.

"Осы баяндамада жарық көрген мәліметтер латыштық ОББ агенттерінің басым бөлігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистерге қызмет еткенін және бұл агенттердің көпшілігінің адамзатқа қарсы қылмыстарға, соның ішінде Холокостқа, бейбіт тұрғындарға қарсы жазалау операцияларына, Ленинград блокадасына тікелей қатысы бар екенін анық көрсетеді", - деп жазылған баяндамада.

Құжат мәтінін "Тарихи естелік" қоры РИА Новости агенттігіне арнайы ұсынған.

Зерттеуде АББ мен латыш СС легионері Янис Цирулистің ынтымақтастығы туралы мәліметтер көрініс тапқан. Ол Новгород облысындағы Жестяная Горка аулында бейбіт тұрғындарды, әйелдер мен балаларды жаппай қыруға белсенді қатысқан.

Баяндамадағы құжатқа сүйенсек, америкалық барлау агенттерінің ішінде "Даугава қаршығалары" (Daugavas Vanagi) ұйымының қатысушылары ерекше рөл ойнаған. Бұл ұйымды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бельгияда соғыс тұтқындарына арналған лагерьде латвиялық СС-тің экс-легионерлері құрған. Ұйымның орталығы батыс германиялық Мюнстерде, филиалдары АҚШ, Англия және Канада сияқты 12 батыс мемлекетінде орналасқан. Ұйым тоғыз мыңнан астам адамды біріктіретін 130-ға жуық жергілікті бөлімшеден тұрды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ұйым бөлімшелері Латвияда ашылды. Қазір Daugavas Vanagi бөлімшелері латыштық СС легионының ардагерлері тұратын барлық елде бар. Дәл осы ұйымның бастама көтеруінің арқасында жыл сайын 16 наурызда Латыш легионын еске алу күні аталады.

"Нацистік қылмыскерлер ОББ-ның латыш агентурасында көптеп шоғырланды. Ал Daugavas Vanagi ұйымы Латвия бағытындағы америкалық барлау қызметінің ең белсенді әрі негізгі активі бола алады", - деп жазылған баяндамада.

Баяндама авторлары Орталық барлау қызметі не себепті адам баласына қарсы жасалған қылмысқа қатысы бар азаматтарды қызметке тартқанын түсіндірді.

"Қызметке қабылдау кезінде нацистік қылмыстарға қатысқанына басымдық берілмегені анық. Мұнда мәселе ол кандидаттардың нацистер құрған полиция құрылымдарындағы қызметінде болып тұр", - дейді құжат авторлары. Олардың айтуынша, полицияның экс-қызметкерлерінде жедел жұмыс атқару үшін қажетті қабілеттер мен таныстары болған.

Соңғы уақытта ресейлік құқық қорғау органдары, ізденушілер мен тарихшылар "Мерзімі ескірмеген" жобасы аясында гитлершілердің КСРО халқына қарсы жауыздық әрекеттерінің бетін ашты.

2020 жылдың қазан айында Ресейде геноцидке қарсы тұңғыш рет сот шешімі шықты. Сот 1942-1943 жылдар аралығында Жестяная Горка аулындағы 2,5 бейбіт тұрғынды нацистердің қасақана өлтіруін "геноцид" деп таныды.

Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин де Германияның соғыс жылдарындағы саясатын геноцид деп атады. Ол кеңес заманында халықты жаппай қыру белең алғанын айтты.

Осы жылы Тергеу комитеті нацизмді жаңғырту және тарихты бұрмалаумен байланысты қылмыстарды тергейтін бөлім құратындығын хабарлады. Бұл бөлім жаппай қырғынға жауапты адамдарды іздеумен және тарихи фактілердің бұрмалануына жол бермеумен айналысады.

Жаңалықтар
0