Видео

2020 жылы мұнай-сервис саласында қандай жұмыс атқарылды – видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары одағының брифингі өтті

Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялар одағының (KazService) өкілдері 2020 жылы қол жеткізілген негізгі көрсеткіштер, Теңізшевройл ККЖ-ҰЕҚБЖ сияқты ірі жобалардың орындалуы, сондай-ақ жұмыстың қысқаруы, пандемия салдарынан туындаған мәселелер туралы айтты.

Брифинг спикерлері:

  • KazService президиумының төрағасы – Рашид Жақсылықов
  • KazService бас директоры – Нұрлан Жұмағұлов

Қазақстанның мұнай өндіру саласы ел экономикасының локомотиві саналады, 2000-нан астам компания осы салада жұмыс істейді, қызметкерлері саны 270 000-нан астам адамды құрайды.

Мұнай өндіру секторын сатып алу құны жыл сайын 10 миллиард доллардан асады, оның жартысы ғана отандық бизнестің үлесіне тиеді.

Қазақстанның KazService мұнай-сервистік компаниялар одағы - нарықтың 65%-тен астамын қамтитын мемлекеттік емес, коммерциялық емес бірлестік. Оның құрамына 150-ден астам ірі және орта мұнай-сервистік компаниялар кіреді. Одақ 2011 жылы құрылды.

Жаңалықтар
0