Аңдатпа

Қазақстанда 19 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинГосударственный театр оперы и балета имени Абая
Государственный театр оперы и балета имени Абая - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Жазылу
 Sputnik Қазақстан 19 – 20 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

19 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – "Наурыз туралы аңыз" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

18.00 – "Үйлену" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Дон Паскуале" операсы. 65 жастан асқан адамдар үшін жас шектеуі бар ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Ғашықтар күні" спектаклі (Жас көрермен музыкалық театры, Омаров көшесі, 47б).

19.00 – "Ауыл хикаялары" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, В2-3).

19.00 - "Жаңарымдағы жалғыз әуен" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

АЛМАТЫ

14.00 – "Табиғи капитал және тұрақты нарықтар: Қазақстанда табиғи ресурстарды басқарудың жаңа тұтас қамту тәсілі" халықаралық онлайн сессиясы. Іс-шараны Орнықты даму үшін табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы (қысқартылған түрде – BCSD Kazakhstan) Орталық Азиядағы орнықты даму жөніндегі сарапшылар желісімен бірлесіп және Қазақстан парламенті мәжілісі экология комитетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.   

Алматыдағы спикерлер: Айжан Сқақова – мәжілістің экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі, Гүлсара Еділбаева - Орнықты даму үшін табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы, Болат Есекин – Орталық Азияның "жасыл" экономикасы және орнықты дамуы жөніндегі сарапшысы,  Галина Артюхина - сарапшы, Орнықты даму үшін табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры. Бұл спикерлер сұхбат беруге дайын (Кеңсенің мекенжайы: Зенков көшесі 32, 1-пәтер). Аккредиттеу мәселелері бойынша 8 701 749 02 00 (Әсел) телефонына хабарласу керек. БАҚ өкілдері онлайн-спикерлерге арналған сұрақтарды WhatsApp-қа жібере алады: +7 777 261 8625. (Трансляцияны YouTube-тен көріңіз).

19.00 – "Али-баба" спектаклі ("ТеатРон" мәдени кеңістігі, Прокофьев көшесі, 144).

19.00 – "Қыз Жібек" спектаклі (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

20 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Көктемгі күн мен түннің теңелуі қарсаңында "Астана Балет" театрында "Ұлттық хореография кеші" өтеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің мерекесіне орайластырылған шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Кеш бағдарламасында театрдың визит картасы – "Ұлы Дала мұрасы" концерттік бағдарламасы болады. Көрермендер назарына хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республикадағы қазақ билерінің жетекші режиссерларының бірі Айгүл Татидің жұмысы ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0