Өңірлер

Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

© REUTERS / PETER NICHOLLSДевушка в маске протирает стекло в кафе после ослабления карантина
Девушка в маске протирает стекло в кафе после ослабления карантина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Приозерск, Абай және Ақтоғай аудандарында карантин күшейтіледі 

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысының кейбір қала-аудандарында 20 наурыздан бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин өңірде коронавирус облыстық орташа көрсеткіштен асып кеткенін айтты.

Соған байланысты 20 наурыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Приозерск, Абай және Ақтоғай аудандарында карантин күшейтіледі.

Осы қалалар мен аудандарда жұмыс істемейтін нысандар:

  • шағын орталықтар;
  • жалпы білім беретін мектептерде орналасқан секциялар мен үйірмелер;
  • банкет залдары;
  • театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, цирк;
  • мәдениет нысандары, оның ішіндегі дайындық;
  • ата-анасының өтініші бойынша 15 балаға дейін жиналған мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтарды қоспағанда).

Сабақтан тыс уақытта жеке оқыту, оқушылардың халықаралық спорттық, мәдени іс-шараларға, COVID-19 бойынша қолайсыз өңірлер мен елдерге олимпиадаларға шығуына, экскурсияларға тыйым салынады.

"Ashyq" пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда, қызметі қайта іске қосылмаған нысандарға (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтар), балалар ойын-сауық орталықтарына (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар), батуттарға, кальян, букмекерлік кеңселерге баруға әлі де тыйым салынады.

Демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, алаңы 2 000 шаршы метрден астам азық-түлік сатпайтын дүкендер (жеке тұрған) (азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда) жұмысы тоқтатылады.

Сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылатын нысандар:

- сауна, СПА-орталықтар, массаж салондары, бассейндер ("Ashyq" пилоттық жобасы жүзеге асырылатын нысандарды қоспағанда);

- жабық базарлар.

Жексенбі күндері ашық базарлар жұмыс істемейді.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс режимі 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Сенбі-жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, сауда желілерінде, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысадарының қызметіне тыйым салынады.

Фудкорт санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте және негізгі нысанның жұмыс уақытын белгілей отырып, тек тамақты алып шығу және жеткізу үшін жұмыс істейді.

Сенбі-жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы тоқтатылады: Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар-Қарағанды.

Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үй іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге болмайды.

Жаңалықтар
0