Экономика

Экономиканың 3%-ке өсетінін болжап отырмыз – министр

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Үкіметте 2021 жылда экономика өсімі 3 процент деңгейінде болатыны туралы айтылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш минус 2,6 процент

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев отандық экономиканың оң динамикасына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз ел экономикасының 3 процентке өсетінін болжап отырмыз. Мамыр-маусым айларында өсімнің оң зонасына шығуымыз қажет", - деді Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда министр экономикалық өсімнің негізгі себептерін де атады. Оның айтуынша, жылдың ортасында ішкі сұраныс жанданады. Сыртқы экономикалық жағдай мен сауда балансы да түзеле бастайды. Осының арқасында экономика біртіндеп көтеріледі. 

"Әрине, мемлекеттік қолдау шараларының әсері де болды. Соның ішінде "Бизнестің жол картасы", "Нұрлы жол" мен "Нұрлы жер" бағдарламалары бар. Бұның барлығы ішкі сұранысты ұстап тұруға және экономиканың өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Ерғалиев. 

Айта кетейік, бұған дейін үкіметте 2021 жылда экономика өсімі 3 процент деңгейінде болатыны туралы айтылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш минус 2,6 процент болған.

Жаңалықтар
0