НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" туралы заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасы парламентке президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді.
Ол аграрлық мәселелер комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтты.
13 наурызда мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады. Тоқаев өзінің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланған.
Бұған дейін президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға, жалға беруге заңды түрде тыйым салуды тапсырды.
Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.