Қоғам

Халық санағы: арнайы топтар үйлерді қай кезде аралайды

© Photo : РixabayПодписание документов
Подписание документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Халық санағы кезінде бір адамға 430 теңге немесе 1,02 доллар жұмсалады. 2009 жылы санақ кезінде бұл сома 2,9 долларды құрады

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Халық санағы барынша цифрлық форматта өтеді. Дегенмен үйлерді аралайтын топтар болады. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жақында осы мәселе реформалар жөніндегі жоғары кеңесте қаралды. Әзірше, эпидемиологиялық жағдай мен қазіргі болжамдарды ескере отырып, халық санағының уақыты өзгермейді және 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді", - деді Келімбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Агенттік басшысының айтуынша, қазан айының соңында арнайы топтар үйлерді аралайды. 

"1 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін ұлттық статистика бюросының арнайы сайты - sanaq.gov.kz ашылады. Соның көмегімен санақ аясындағы барлық сұраққа онлайн-режимде жауап беруге мүмкіндік болады. Ал қазанның соңғы екі аптасы қалғанда арнайы мамандар үйлерді аралап, планшет арқылы барлық ақпаратты жинайтын болады. Жыл соңына дейін санақтың алғашқы нәтижесі жарияланады", - деп атап көрсетті Келімбетов.

Айта кетейік,халық санағына 8,2 миллиард теңге жұмсалады деген жоспар болған. Бүгінде 3,6 миллиард теңге (44%) игерілді. 4,2 миллиард теңгесі халық санағы мерзімінің ауыстырылуына байланысты республикалық бюджетке қайтарылған болатын.

Халық санағы кезінде бір адамға 430 теңге немесе 1,02 доллар жұмсалады. 2009 жылы санақ кезінде бұл сома 2,9 долларды құрады.

Халық санағына қытай өндірісінен шыққан KOUZONE MTK6592 маркалы 27 412 планшеттік компьютер сатып алынды. Біреуі 39 000 теңге шамасында, жалпы 1 миллиард теңгеден астам сома жұмсалған. Олардың стилусы, қорғайтын қабы, қауіпсіздік әйнегі, Powerbank қосымша гарнитурасы бар.

Санақ аяқталғаннан кейін барлық техника мектептерге жіберіледі.

Ұлттық санақты өткізу үшін 32 509 адам уақытша жұмысқа тартылмақ.

Бірінші кезеңде тіркеуші ретінде 4 562 адам, ал екінші кезеңде санақ жүргізетін интервьюер қызметіне 23 033 адам қабылданады.

  • 1-кезең интервьюеріне (тіркеушіге) отыз күн үшін 75 743 теңге төлеу жоспарланған.
  • 2-кезең интервьюеріне (санақтан өткізушіге) 94 679 теңге төленеді.
  • 45 күнге толық көлемде қызмет көрсетілген кезде 1-ші және 2-ші нұсқаушы-бақылаушы 113 614 теңге жалақы алады.
Жаңалықтар
0