Видео

Теміржолшыдан "Грэмми" жеңімпазына дейін: Imanbek қалай тарихқа енді – видео

Жазылу
Ақсулық студент-диджей Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) "Грэммиді" жеңіп алды. Ол осы әлемдік музыкалық сыйлыққа ие болған алғашқы қазақстандық атанды

Иманбек SAINt JHN (Карлос Сент-Джон) орындайтын Roses әніне ремикс жазып, бүкіл Қазақстанға және әлемге танылды.   

Трек әлемдік хит-парадтарда бірінші орынға шығып, ең танымал әуендердің біріне айналды. Композиция YouTube-те 234 миллионнан астам қаралым жинады.

Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Иманбек ремиксті кездейсоқ жазғанын айтты. Теміржолдағы жұмысынан кейін ол ноутбугында тәжірибе жасап, музыканы екі сағаттың ішінде жасаған.   

Иманбек 20 жаста, ол Ақсу қаласында тұрады (Павлодарға жақын орналасқан). Отбасы оның жұмысына қарсы болмаған, әкесі гитара тартуды үйретіпті.

Атағы шыға бастағаннан кейін жігіт теміржолдағы жұмысын тастап, бар уақытын музыка жазуға арнады. Сонымен бірге Иманбек Павлодарда "Тасымалды ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқуын жалғастыруда.   

"Грэммиге" ұсынылғаны туралы кездейсоқ білген, жаңалықты оған оқырмандары хабарлады.

Жаңалықтар
0