Оқиға

Шымкентте түсірілген тағы бір видео таралып жатыр – полиция оқ атқандарды анықтады

© Photo : pixabay.comИгрушечный пистолет, иллюстративное фото
Игрушечный пистолет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Видеодан Toyota Land Cruiser көлігінің артымен жүріп келе жатқанын көруге болады. Келесі кадрда костюм киген жігіт мылтықпен, ал екіншісі "Братва!" деп тапаншамен аспанға оқ атады

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде тараған видеода Toyota Land Cruiser жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, артымен жүреді. Ал тағы бір видеода бір топ жігіт аспанға оқ атқан. Тәртіп сақшылары екі оқиғаның да Шымкентте болғанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші видеодан Toyota Land Cruiser көлігінің артымен жүріп келе жатқанын көруге болады. Оны басқа көлік жүргізуші түсірген. Келесі кадрда костюм киген жігіт мылтықпен, ал екіншісі "Братва!" деп тапаншамен аспанға оқ атады.

Шымкент қалалық полиция департаменті тәртіп бұзушыларды анықтады.

Ресми мәліметке сәйкес, Toyota Land Cruiser-дің жол ережесін бұзған видеосы 6 наурызда түсірілген. Көлік жүргізушісі анықталды. Оның әрекеті бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

"Сосын оқ атқан адамдардың жеке басы анықталды. Қазіргі кезде олардың бәрін полицияға жеткізу шаралары атқарылып жатыр. Жол жүру ережесін бұзғандар мен аспанға оқ атқандар бірге болған", - дейді құқық қорғаушылар.  

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы (Бұзақылық, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бойынша кінәлі адамдар үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жаңалықтар
0