Қоғам

Алматы облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты - қандай нысандар жабылады

© Sputnik / Елена БережнаяСотрудник торгового центра измеряет температуру посетителям
Сотрудник торгового центра измеряет температуру посетителям - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Облыста мереке күндері сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары жабық болады

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың шектеу шараларына қатысты жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің баспасөз қызметі.

Алматы облысында 20-24 наурыз аралығында балалардың ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық объектілері, түнгі клубтардың, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, PS-клубтар, боулинг, лото-клубтардың, компьютерлік клубтардың, цирктер мен бильярдтардың жұмысы тоқтатылады.

Сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар, ашық азық-түлік сатпайтын базарлар да жабылады.

Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмхана, мейрамхана, кофехана, фудкорт, асхана, донер, бар) қызметі тоқтатылады. Өзіңмен бірге алып кету, жеткізу қызметі бар.

Жексенбі күндері сауна жұмысына тыйым салынды.

Мерекелік іс-шаралар, көрме, конференция, форум, адамдар көп жиналатын отбасылық іс-шараларға тыйым салынады.

Қандай нысандар жұмысы істейді

  • Діни нысандар (мешіт, қасиетті орындар және шіркеу) ашық болады. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге болмайды.
  • Балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары, топтардағы адам саны 15-тен аспауы қажет және алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.
  • 20-24 наурыздан басқа күндері театрлар, кинотеатрлар ашық болады (толымдылығы 20%-тен аспауы керек).

Алматы облысы инфекция таралуы бойынша "сары" аймаққа енді.

Коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 552,5-ті құрады. Облыс бойынша инфекцияның өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,5%-тен 0,6%-ке дейін өсті.

Соңғы тәулікте өңірде 99 адамнан коронавирус табылды.

Қаулының толық мәтінін мына жерде оқуға болады.

Жаңалықтар
0