Қоғам

Желіде тараған хабарлама қазақстандық ата-аналарды алаңдатып қойды

© Sputnik / Владислав ВодневҰялы телефон ұстаған адам, архивтегі сурет
Ұялы телефон ұстаған адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Ата-аналардың келісімінсіз оқушылардың биометриялық мәліметтерін жинап жатқаны туралы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мектептерде оқушылардың биометриялық мәліметтерін заңсыз жинап жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Мектептерде ата-аналардың келісімінсіз биометриялық деректерді жинап жатқаны және оқушыларды белгісіз бағытта алып кететіні жайлы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын туғызды.

© Photo : stopfake.kzБілім министрлігі мұғалімдер оқушылардың биометриялық мәліметтерін заңсыз жинап жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды
Желіде тараған хабарлама қазақстандық ата-аналарды алаңдатып қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Білім министрлігі мұғалімдер оқушылардың биометриялық мәліметтерін заңсыз жинап жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде тараған хабарламада ата-аналарға балаларын мұғалімдерден жасырынуға үйретуге кеңес берілген. Онда мектептерде балалардың биометриялық мәліметтері заңсыз жиналатыны және сабақ кезінде оқушыларды белгісіз бағытта алып кетуі мүмкін екені айтылған. Білім министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Балаға қатысты барлық іс-әрекет ата-аналармен келісілуі керек. Бұл ретте сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді. Биометриялық деректерге келсек, бұл жеке мәлімет болып саналады. Педагогтарға оларды жинаудың қажеті жоқ", - деді ведомстводан.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жаңалықтар
0