Өңірлер

Павлодарда зейнеткерді автобустан күштеп түсірген кондуктор жазаланды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус на дороге столицы
Автобус на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Бұған дейін кондуктор зейнеткер куәлігін көрсетпеген егде жастағы жолаушыны қоғамдық көліктен итеріп түсірген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында толық тариф бойынша жол ақысын төлеуден бас тартқан зейнеткерді автобустан итеріп шығарған кондукторға қарсы іс қаралды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдік болған жағдайға байланысты кешірім сұрап, қоғамдық көлік қызметкерін жазалауға уәде берген болатын.

Сот отырысында 51 жастағы адам өз кінәсін мойындады.

Сот кондукторды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танып, мемлекет пайдасына 14 мың 585 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндіру туралы үкім шығарды.

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Еске сала кетсек, қалалық автобусқа мінген әйелдің өзімен бірге зейнетақы куәлігі болмаған. Алайда ол жол жүру ақысын толық төлеуден бас тартты. Кондуктор оның сөзіне сенбей, қарияға тіл тигізіп, автобустан итеріп шығарып жіберген.

Жаңалықтар
0