Қоғам

Танымал қазақстандық боксшының тұңғышы дүниеге келді

© Photo : prosports.kzСадриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Боксшы Садриддин Ахмедов пен KeshYou тобының бұрынғы солисі Ақбота Құрманғали 2019 жылдың қыркүйегінде отбасын құрды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов пен әнші Ақбота Құрманғали сәбилі болды. Бұл туралы "Eye of the Tiger Management" промоутерлік компаниясы хабарлады.

"Біз S.O.Q. туралы екі тамаша жаңалығымыз бар! Садриддин мен оның жұбайын сәбилі болуымен құттықтаймыз! Бұдан бөлек, Садриддиннің Квебекті жақсы көретіні сонша, ол Eye of the Tiger Management-пен арадағы келісімшартты ұзартты! Біз осы еңбекқор, талапты және талантты жас жігітпен әріптестік орнатқанымызды мақтан тұтамыз", - деп жазды компания Facebook парақшасында.

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйек айында боксшы Садриддин Ахмедов KeshYou тобының бұрынғы солисі Ақбота Құрманғалиге үйленді. Той Нұр-Сұлтан қаласында өткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылдың сәуірінде келген болатын. Содан бері 12 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетті. Соңғысы Мексикада ұйымдастырылды. Осы жекпе-жекте Ахмедов Нидерланды өкілі Стивен Даньодан (17-4-3, 6 КО) басым түсіп, бірден бірінші орта салмақтағы үш белбеу – WBA Continental, NABF және WBC Francophone-ны жеңіп алды.

Осы жекпе-жек кезінде күтпеген жағдай болды. Садриддин рингке көтерілгеннен кейін Қазақстанның емес, Канаданың әнұраны шырқалды. Боксшы бұл жағдайға наразылық білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Жаңалықтар
0