Демалыс күндері Моңғолияда құмды дауыл тұрды. Табиғат апаты алты адамның өмірін қиды, тағы сексеннен астамы із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың көбісі көшпелі малшылар. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау ұлттық агенттігінің мәліметінше, 12 наурыздан бастап елдің басым аумағында қатты құмды дауыл тұрды. Орталық және оңтүстік провинцияларда желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін жеткен. Оқиға салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды.