Әлем

Испанияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

CC0 / / Блокнот
Блокнот - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Зерттеулер қызметкерлердің аптасына бес күн емес, төрт күн жұмыс істегенде өнімділік жоғары болатынын көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Испанияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Жұмыс уақытының мұндай үлгісіне кез-келген компания ауыса алады, деп хабарлайды ladbible.com.

Демалыс күндерін көбейту туралы алғаш рет 2019 жылы айтыла бастаған. Кәсіподақтар Конгресінің зерттеуіне сәйкес, қызметкерлер аптасына бес күн емес, төрт күн жұмыс істегенде өнімділік жоғары болады.

Ал жұмыс күндерінің қысқаруы қызметкерлердің жалақысына әсер етпейді деп хабарланды. Өйткені, қызметкерлер күніне сегіз сағаттың орнына он сағат жұмыс істейтіндіктен апта соңында 40 сағаттық норма жиналады.

Оқи отырыңыз: Астанада балабақшалардың жұмыс уақыты ұзарады

Басылым жұмыс аптасының қысқарту туралы жаңалыққа Жаңа Зеландия да қызығушылық танытып отырғанын атап өткен.

Жаңалықтар
0