Оқиға

Алматы облысында ер адам дәрігерлерге пышақ ала жүгірді – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Жедел жәрдемнің жүргізушісі бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Мұрны да сынғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Алматы облысында ер адам медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, жедел жәрдемнің жүргізушісін ұрып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, жедел жәрдем қызметіне Еңбекшіқазақ ауданындағы "Саяжай" алқабында тұратын адамдар хабарласқан. Медицина қызметкерлері бірден жолға шықты. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты шақырғандардың үйіне 15 минуттың ішінде барған. Осы уақыттың ішінде 53 жастағы ер адам көз жұмды.

"Сол жерге барған жедел жәрдем бригадасы 53 жастағы пациенттің өлімін тіркеді. Ал оның ұлы медицина мамандарына пышақ ала жүгірді. Сосын қорқытып, марқұмның мәйітін тасымалдауға мәжбүрледі. Жедел жәрдем жүргізушісінің әрекетіне көңілі толмай, оған да шабуыл жасап, соққыға жықты", - деді басқарма қызметкерлері.

Көлік жүргізушісі бастан жарақат алды. Миы шайқалып, мұрны сынған. Оны бірден ауданаралық көпсалалық ауруханаға жеткізді. Осы оқиға бойынша полицияға арыз түсті. Сондықтан заң аясында тиісті шаралар қолға алынады.

Айта кетейік, ақпанның соңында бір пациенттің ұлы хирург дәрігерді соққыға жыққан. Медицина маманы бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0