Видео

"Ғарыш көмірі": Ұлыбританияда сирек кездесетін метеорит табылды – видео

Жазылу
Ғарыш денесінің сынықтарын Англияның Глостершир қаласының тұрғыны дәл үйінің жанынан тапқан. Оны қарапайым көмір кесектерінен ажырату қиын  

Ғалымдар салмағы үш жүз грамм болатын ғарыш денесінің сынықтарын жинады. Глостершир қаласының тұрғыны тапқан көмір іспетті тас 2021 жылдың ақпан айының соңында Англия аспанынан ұшып өткен метеориттің сынықтары болып шықты.  

Табылған заттың химиялық атауы – көмірлі хондрит. Тасты материалдың құрамында тіршіліктің пайда болуы үшін қажетті органикалық заттар мен амин қышқылдары бар.

Ғарыш объектісінің үлгілерін қарапайым көмір кесектерімен шатастырып алуыңыз мүмкін, бірақ ол сынғыш және жұмсақ болып келеді.

Ғарыштан Жерге ұшып келген таңғажайып аспан денесінің қандай болатынын видеодан көріңіз.

  

Жаңалықтар
0