Қоғам

"Азия дауысы" байқауының режиссері Александр Пономарев қайтыс болды

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуРеанимация бөлімшесі, архивтегі сурет
Реанимация бөлімшесі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
"Азия дауысы" – 1990 жыл мен 2005 жыл аралығында Алматыда ұйымдастырылған айтулы музыкалық байқаулардың бірі болатын

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. "Азия дауысы" музыкалық байқауының режиссері Александр Пономарев 69 жасында коронавирустан қайтыс болды. Қаралы хабар туралы режиссердің әріптестері мен достары әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ол – аңыз адам еді. "Азия дауысы" халықаралық фестивалінің талантты режиссері (1990-2005). Бүгін ол арамыздан кетті... Александр Пономарев мәңгі есте қалады. Саша, талантың үшін, шеберлік сабақтарың үшін және "Азия дауысы" фестивалінің ұлы тарихы үшін рахмет. Қош болыңыз, Александр Сергеевич", – деп жазды әріптесі Лека Савельева.

Марқұмның басқа да әріптестері қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Бұл сұмдық жағдай... Александр Сергеевич Пономарев. "Азия дауысы" жетімсіреп қалды", – деді продюсер және музыкант Олжас Байқанов.

Айта кетейік, "Азия дауысы" – 1990-2005 жылдары Алматыда жыл сайын өткізілген халықаралық музыкалық байқау. Фестиваль Медеудің ашық алаңында өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша конкурсқа атақты шетелдік әншілер Патрисия Каас, Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, Алла Пугачева, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, "Бони М", "Хаддуэй" сынды өнерпаздар әр жылдары қонақ болды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан қайтыс болған полицейлердің саны жарияланды

2020 жылдың жазында "Азия дауысы" музыкалық байқауының негізін қалаушылардың бірі Мұрат Ерғалиев 63 жасында коронавирустан қайтыс болды.

Жаңалықтар
0