НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Мереке күндері "Нұр-Сұлтан - 1-Шымкент" бағытындағы жолаушылар пойызының қосымша рейстері жолға шығады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Мереке күндері жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстері тағайындалды:
- Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 2021ж. 19, 22, 26 наурызда жөнелтіледі;
- Шымкент стансасынан 2021ж. 20, 23, 27 наурызда жөнелтіледі.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы билетті онлайн рәсімдеуді сұрайды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін "Күту парағы" функционалын пайдалана отырып сатып алуға болады.
Еске сала кетсек, карантин режиміне байланысты жолаушылар вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін сақтауы тиіс.