Өңірлер

Жедел жәрдем жете алмады: бала науқас әкесін дәрігерлерге сүйреп жеткізді

© Kimpton_houseҚар үстіндегі балақай
Қар үстіндегі балақай - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Фельдшер дәрігер мен науқастың баласы қолдан жасалған "шананың" көмегімен ер адамды 200 метр сүйреп, жедел жәрдем көлігіне жеткізген

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында 46 жастағы ер адам су орнына аккумулятор сұйықтығын ішіп уланып қалған. Ауыл ішіне кіретін жолдың қалың қары күрелмегендіктен, жедел жәрдем бригадасы науқастың үйіне жете алмаған.

Фельдшер мен баланың науқасты жедел жәрдемге дейін тасымалдау әдісін ауыл тұрғындары суретке түсіріп алған, деп жазады жергілікті tobolinfo.kz сайты. 

© PhotoНауқасты көлік капотымен тасымалдаған дәрігер мен балақай
Жедел жәрдем жете алмады: бала науқас әкесін дәрігерлерге сүйреп жеткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Науқасты көлік капотымен тасымалдаған дәрігер мен балақай

Фельдшер Мейірманов көлік капотын шана ретінде қолданып, оған арқан байлаған. Осылайша, қолдан жасалған "шананың" көмегімен науқасты 200 метр сүйреп көлікке жеткізген. Фельдшердің тапқыр шешімінің арқасында науқасқа дер кезінде көмек көрсетілді.

"46 жастағы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Беті бері қараған соң оны терапия бөліміне ауыстырдық. Асқазан мен ішек жолдарын тексеру үшін жаңа анализдер тапсырады. Уақытында ауруханаға жеткізбегенде мұның салдары тым ауыр болар еді", – дейді Арқалық ауруханасының бас дәрігері Құралбай Асанов.

Қазіргі кезде ер адамның жағдайы бірқалыпты. Ал науқасты тасымалдау әдісін суретке түсіріп алған тұрғындар биліктен Арқалық маңындағы ауылдардың қарын тазалау мәселесіне көңіл аударуды сұрап отыр.

Оқи отырыңыз: "Мен ішіп отырмын": Қостанайлық бала жедел жәрдем қызметін әбігерге салды

Айта кетейік, облыста көп ауыл қар құрсауында қалып отыр. Көлікпен үйге жету мүмкін емес. Өткен аптада жедел жәрдемнің тиісті мекенжайға жете алмауынан әйел көз жұмған болатын.

Жаңалықтар
0