Өңірлер

Бекшин Алматыда локдаун енгізуге қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Ол 10 наурыздан бастап Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта екенін айтып өтті. Науқастар саны 3 наурызда бастап көбейген

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына байланысты жағдай нашарласа, мегаполис локдаунға жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаланың бас санитар дәрігері қабылданып жатқан шаралар тиімділігін көрсетіп жатқанын айтып өтті. Сол себепті бұл шаралар жеңілдетілмейді.

"Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40%-тен аспайды. Сонымен қатар 7 мың резервтік төсек-орын бар, бірақ резервтердегі орындар да таусылуы мүмкін. Егер ауруханаға тәулігіне 500 науқас жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орын толады. Бұған жол беруге болмайды. Күніне 300 адам ауруханаға жатқызылса, қала локдаунға жабылады", - деді Бекшин.

Ол 10 наурыздан бастап Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта екенін айтып өтті. Науқастар саны 3 наурыздан бастап көбейген.

"3 наурызда 121 адам коронавирус жұқтырса, 12 наурызда бұл көрсеткіш 360 адамға жетті. Науқастар саны көбейіп жатыр, алайда шектеу шаралары нәтижесін көрсетіп отыр. Сенбіден бері вирус жұқтырғандар саны азайды. Жұмада 360 жаңа жағдай тіркелсе, сенбіде 342 адамнан инфекция анықталды. Жексенбіде 297-ге дейін төмендеді", - деді Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігері шектеу шаралары уақытылы қабылданбаса, барлық сала қызметін тоқтату қажет болатынын айтты.

"Күніне 300 адамнан коронавирус анықталса, ішкі локдаун енгізіледі, 500-ден астам адамнан инфекция табылса, қала толық жабылады. Ішкі локдаун деген – қоғамдық көлік, қызметтің жекелеген түрлерінің тоқтауы. Мұндай жағдайда халықтың қозғалысы толық тоқтамайды", - деп түсіндірді сөзін Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Алматыда 27 703 адамнан коронавирус табылды.

Жаңалықтар
0