Оқиға

Үйіне оралған Ақмола облысының тұрғыны ата-анасының мәйітін тапты

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Ата-анасының үйіне келгенде ер адамға ешкім есік ашпаған. Ол үйге терезе арқылы кіруге мәжбүр болды

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғыны ата-анасының денесін тапты. Соңғы рет олар 2021 жылдың 9 наурызында кездескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

32 жастағы ер адам аудандық полицияның кезекші бөліміне хабарласып, ата-анасының қайтыс болғанын айтқан. Олар Астрахан ауданының Жалтыр ауылында тұрған.

"Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, ата-анасы ауылда жалғыз тұрған.

"Ол ата-анасын соңғы рет 9 наурызда көрген. Содан бері кездеспей, тек телефон арқылы сөйлесіп тұрған. 14 наурызда үйіне келгенде, есікті ешкім ашпаған. Ол үйге терезе арқылы кіріп, ата-анасының қайтыс болғанын көрген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қарт адамдар иіс тиіп қайтыс болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0