Әлем

Әлемге әйгілі боксшы қайтыс болды

CC0 / / Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2021
Жазылу
13 наурыз, сенбі күні спортшы ауруханаға жеткізілген. Тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы ауырған. Төрт сағаттан соң көз жұмды

АЛМАТЫ, 14 наурыз — Sputnik. Аты аңызға айналған кәсіпқой боксшы Марвин Хаглер 66 жасында көз жұмды. Қайғылы хабарды спортшының жары жеткізді.

"Бүгін сүйікті жарым Марвелус Марвин күтпеген жерден Нью-Гэмпширдегі үйде қайтыс болды. Отбасымыз қиын жағдайда біздің жеке өмірімізге құрметпен қарауды сұрайды", - деді ол.

Хаглердің ұлдарының бірі ТMZ басылымына, әкесі 13 наурыз, сенбі күні Нью-Гэмпширдегі ауруханаға жеткізілгенін айтты. Тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы ауырған.

Шамамен төрт сағаттан кейін қайтыс болды, себебі айтылған жоқ.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көңіл айтты.

​"Орта салмақтағы ұлы чемпион, Аңызға айналған адам жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Головкин Twitter-де.

Марвин Хаглер туралы не білеміз

Хаглер бокс тарихында орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі. Ол орта салмақтағы WBC әлем чемпионы (1980-1987), орта салмақтағы WBA әлем чемпионы (1980-1987), орта салмақтағы IBF әлем чемпионы(1983-1987).  1983 және 1985 жылдары The Ring журналы нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атанды.

Карлос Монсон және Геннадий Головкинмен бірге жоғары эшелондағы жеңіліссіз әлемдік рейтинг рекордсмені. Кәсіби рингте 67 жекпе-жек өткізген. 62 рет жеңіске жетті (52 нокаут), үш рет жеңілді, екі рет есеп тең болды.

Жаңалықтар
0