Оқиға

Алматы маңында ұшақ құлады: қайтыс болғандардың тізімі жарияланды

Жазылу
Экипаж құрамындағы алты әскери қызметкердің төртеуі оқиға орнында қаза тауып, екеуі Алматыдағы ауруханада ауыр халде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Ан-26 ұшағының құлауы салдарынан төрт әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Ұшақ апатының салдарынан:

  • 1987 жылы туған майор Ғабит Барлықбаев;
  • 1978 жылы туған аға лейтенант Досжан Баймұратов;
  • 1995 жылы туған лейтенант Мұхтар Сағынбаев;
  • 1986 жылы туған сержант Евгений Васильков қайтыс болды.

Алматы маңында әскери ұшақ құлады

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда, Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып, құлады. Салдарынан төрт адам қаза тауып, ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер төртінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті борттық нөмірі 02 санымен белгіленген ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады. Қазіргі кезде комитет апаттың себеп-салдарын анықтауда.

Оқи отырыңыз: "Құл-Мұхаммед пен Тұрлыханов та құлап еді" - Қазақстанда болған тікұшақтар апаты

Айта кетейік, бұл аталған ведомствоға тиесілі Ан ұшағының қатысуымен болған екінші трагедия. Осыған ұқсас жағдай 2012 жылы Шымкент маңында болған. Ол кезде Ан-72 апатынан 27 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0