Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

© Sputnik / Vladislav Vodnev / Медиабанкке өтуНаурыз мерекесі
Наурыз мерекесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2021
Жазылу
Бұған дейін Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Соған орай ел үкімет тиісті тұжырымдама жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамын тойлаудың алғашқы күні ретінде Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы", – деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасныда.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Соған орай ел үкімет тиісті тұжырымдама жасаған.

Құжатқа сәйкес:

  • 14 наурыз – "Көрісу күні",
  • 15 наурыз – "Жайлау күні",
  • 16 наурыз – "Шежіре күні",
  • 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні",
  • 18 наурыз – "Игі істер күні",
  • 19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні",
  • 20 наурыз – "Зияткерлік күні",
  • 21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні",
  • 22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні",
  • 23 наурыз – "Жоралғы күні".

"Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі (10 күн)", – деп жазылған құжатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын.

"Мейрам кезінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында халық жаппай ұлттық киімдерімізді киіп, төл ойындарымызды ұйымдастырып, көпшілік орындарда (сауда орталықтары, вокзал, әуежай, қонақүй т.б.) ұлттық музыка ойнатылуын қамтамасыз ету, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа Ұлыстың ұлы күнінің маңызы жөнінде өсиет, өнеге айтуы маңызды", – деп жазылған тұжырымдамада.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Амал мерекесі дегенді естіген жоқпын – этнограф

Наурыз 10 күн аталып өтеді. Қазақстандықтар бұл мейрамда бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.

Жаңалықтар
0