Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус пандемиясын жариялады. Ол кезде Қазақстанда, ресми мәлімет бойынша, инфекцияны жұқтырған адамдар болған жоқ.
Елде төтенше жағдай жарияланды. Өңірлердің тұрғындары үйіне қайтты, содан кейін ірі қалалар бірінен соң бірі карантинге жабыла бастады, қалаларға кіреберісте бекеттер қойылды, онда әскери қызметкерлер мен дәрігерлер кезекшілік етті.
Алдымен көптеген қазақстандық коронавирустың бар екеніне сенбеді. Бірақ науқастар саны өсе бастап, жазда өршіп кетті.
Денсаулық сақтау жүйесі бұл мәселені шеше алмады: дәрігерлер жетіспеді, дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектер жоғалып кетті. Қазақстандық дәрігерлерге шетелдік әріптестері көмекке келді. Елде коронавирус белгілері бар пневмония көбейді.
13 шілдеде Қазақстанда пандемия құрбандарын аза тұту күні жарияланды.
Қоғамдық орындарда маска кию және әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндеттелді. Ақпан айында ресейлік "Спутник V" препаратымен ерікті түрде вакциналау басталды. Сәуір айында отандық QazCovid-In вакцинасының алғашқы партиясын шығару жоспарланып отыр. Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталды.
Бір жыл ішінде Қазақстанда 220 мыңнан астам адам коронавируспен ауырды, көбісі сауығып кетті. Коронавирус пен ковидті пневмониямен ауырған үш мыңнан астам науқас қайтыс болды.