Әлем

Пентагон Аляскада жаңа құрылыс бастады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуРадиолокационная станция
Радиолокационная станция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
РЛС өткен жылы іске қосылады деп жоспарланған болатын. Бірақ пандемия салдарынан мұны кейінге қалдыруға тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik.  АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің кезекті элементін тұрғызып жатыр. Аляскадағы жаңа қуатты радиолокациялық станция осы жылы іске қосылады. Вашингтон бұл жүйе Иран немесе Солтүстік Корея аумағынан бағытталатын ықтимал зымыран соққысын тойтару үшін қажет дегенді айтуда. Алайда мамандар РЛС мүлде басқа мақсатта қолданылатынына сенімді, деп жазды РИА Новости.

Америкалықтар үлкен қашықтыққа арналған радиолокациялық станцияның (Long Range Discrimination Radar, LRDR) құрылысын 2018 жылы Clear Air Force авиабазасында бастаған болатын. Бұл әскери нысан өткен ғасырдың ортасынан бері жұмыс істеп келеді және ол АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіндегі маңызды нысанның бірі саналады.

РЛС өткен жылы іске қосылады деп жоспарланған болатын. Бірақ пандемия салдарынан мұны кейінге қалдыруға тура келді. Бірнеше күн бұрын жоба аяқталуға жақын екені белгілі болды.

Доллары США - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Әлем
Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды
Оны әзірлегендердің айтуныша, LRDR нысаны AN/SPY көп функциялы РЛС-тен 25 есе үлкен. AN/SPY – АҚШ ӘТК крейсерлер мен эсминецтер жабдықталатын "Иджис" әскери ақпараттық-басқару жүйесінің негізгі элементі.

Станция S-диапазонында жұмыс істейді. Ол галлий нитридін қолдану арқылы дайындалған. Бұл оның техникалық сипаттамаларын едәуір арттырады. РЛС құрлықаралық баллистикалық және гипердыбысты зымырандарды анықтап қана қоймай, құрлықаралық баллистикалық зымырандардың әскери блоктарымен ілесе жүретін жалған нысандарды да анықтай алады.

Техникалық қызмет көрсету кезінде радарды қосу қажеттілігінің болмауы оның кезекті ерекшелігінің бірі. Конструкциясы қатты денелерден дайындалған блоктардан құрастырылған. Қуатын арттыру үшін оған қосымша ұяшықтар жалғауға болады.

Ресми түрде LRDR АҚШ-тың құрлықтық бөлігін Иран мен Солтүстік Кореяның зымыран шабуылынан қорғайды. Алайда сарапшылар РЛС үшін негізгі нысан ресейлік зымырандар болатынын жоққа шығармайды.

"Америкалықтар Еуропада зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастырған кезде де бұл Иранды тежеу үшін қажет деп сендірді", –дейді әскери ғылымдар докторы Константин Сивков. – Шындығында, жаңа радар Ресейге ғана қарсы бағытталған. Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарының ұшу жолы Тынық мұхиты арқылы өтеді. Оларды қадағалау үшін Гавайи аймағында радар орналастыру қажет болады".

Сарапшының айтуынша, Сібір, Солтүстік флот және Тынық мұхитындағы стартегиялық суасты қайықтарынан ұшырылған ресейлік құрлықаралық баллистикалық зымырандар дәл осы Аляскаарқылы өтеді.

Сивков Аляскада қазірдің өзінде ЗҚҚ жаһандық жүйесінің компоненттері бар екеніне қарамастан, ұзақ қашықтыққа арналған РЛС Пентагонның ҚБЗ-ға тосқауыл болу мүмкіндігін арттырады.

"Ия, бұл біз үшін жағымсыз жаңалық, бірақ жағдай күрт өзгереді деу қиын, – деп санайды маман. – Бұған жауап ретінде Ресейге осы және басқа радарларды басуға қабілетті радиоэлектронды күрес жабдықтарын құру қажет. Менің ойымша, мұндай құралдар қазірде де бар және жақын арада орналастырылады. Сонымен қатар соғыс қимылдары басталған жағдайда бұл радардың көзін тез арада жою әдістерін қарастыру қажет".

Американский эсминец Джон Маккейн, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Әлем
Ресей елшілігі Қара теңіздегі кемелерге қатысты АҚШ-қа үндеу жолдады
Америкалықтар үшін Аляска стратегиялық маңызды аймақ. Бұл өңірден Ресейдің әскери базалары қол созым жерде тұр және Беринг бұғазына дейін бірнеше шақырым ғана жүрсе жеткілікті. Пентагон Аляскада радарлар орнатып қана қоймай, соққы күштерін де ұлғайтып жатыр.

Сол себепті жақын арада АҚШ-тағы ең ірі бесінші буын жойғыштары – F-35 және F-22 Raptor, шамамен 150 ұшақ екі әуе базасында орналастырылады. Олардың мақсаты – Ресейді Арктикада ысырып шығару. Алайда Аляскада құрлықтағы әскер өте аз. Мұнда артиллериясы және броньды тасымалдағышы бар ары кетсе екі бригада ғана жұмылдырылған. Аса үлкен флот та жоқ. Тек жағалау күзеті ғана. Жалпы Пентагон Аляскадағы әскери қызмет үшін үгіт-насихат жүргізу науқанын іске қосты. Сарбаздар мен офицерлерге жоғары жалақы уәде етуде.

LRDR деңгейіндегі радар Ресейде де бар. Біреу емес, екеу. Соңғы жылдары зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесі (ЗШЕЖ) айтарлықтай жаңарды. КСРО тарағаннан кейін Вашингтонның қысым көрсетуімен көптеген станция қиратылды да, жаңа РЛС құрылысы тоқтап қалды.

2020 жылдың желтоқсанында зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесін мемлекеттік сынау аяқталды. Бүгінде ол мемлекеттік және әскери басқару орындарына ықтимал зымыран шабуылы туралы ескерту мәліметтерін сәтті ұсынып, Мәскеудің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыр.

ЗШЕЖ бірінші эшелоны бірыңғай ғарыш жүйесінің спутниктері тобынан, екіншісі – жердегі радиолокациялық жүйлерден тұрады. Бұл негізінен жаңа "Воронеж" станциялары. РЛС барлық периметр бойынша орналастырылған: Ленинград, Калининград, Иркутск, Орынбор облыстарында, Краснодар, Красноярск және Алтай өлкелерінде. 2021 жылы Коми Республикасында кезекті станция құрылысы аяқталып, Мурманск маңында тағы біреуі тұрғызылады.

Жаңалықтар
0